Жетісу облысында "Темір адам" өз таңдауын жасады

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бес дүркін "TEMIRADAM" атағының иегері, Ескелді ауданының ардагер спортшысы Бақытжан Бектенов сайлауда дауыс берді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Спортшы учаскеге велосипедшінің киімін киіп келді.
"Елімнің азаматы ретінде таңдау жасадым. Сайлауда әрбір адамның дауысы маңызды. Сондықтан жетісулықтарды осындай тарихи мәні зор науқаннан қалмауға шақырамын", - деді спортшы.
Айта кетері, Бақытжан Бектенов Акватлоннан, Дуатлоннан және Триатлоннан Азия, Қырғызстан, Қазақстанда өткен чемпионаттардың жеңімпазы.
Текеліде жастар тумен велошеруге шықты