Текеліде жастар тумен велошеруге шықты

© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской области.Текеліде сайлаушылар велошеру жасады
Текеліде сайлаушылар велошеру жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Жетісу облысы Текелі қаласындағы 445 сайлау учаскесіне велосипедші жастар келіп, дауыс берді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Олар патриоттық рухты көтеру мақсатында учаскеге мемлекеттік туды көтеріп, сап түзеп, велошеру жасап келді.
"Мемлекеттік туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлесімізді өз таңдауын жасауға шақырамыз, - дейді "Velotravel Tekeli" спорт клубының мүшесі Ынтымақ Әленбек.
Избирательный участок в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Азаматтардың 30,65 пайызы өз таңдауын жасады - ОСК
Жаңалықтар
0