АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Талдықорғанда Миллионер деген ерекше есімді ауыл тұрғыны саяси науқанға қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ер адам Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылында тұрады. Ол мал шаруашылығымен, сүт өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады.
Жетісулық Миллионер дауыс берді
© Photo : пресс-служба акима Жетысу
Миллионер Қажыкенұлы ауыл тұрғындарын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтың саяси-қоғамдық өміріне де белсене араласады. Бүгін ол 439-шы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
"Барлық облыс тұрғыны сияқты мен де сайлауға қатысып, өзім қолдайтын және мемлекетке пайдасын тигізеді деп сенетін үміткерлерге дауыс бердім. Әр азаматтың пікірі мен дауысы маңызды. Өйткені ортақ болашағымыз үшін, балаларымыздың болашағы бәріміз жауаптымыз", - деді Миллионер Қажыкенұлы.