Талдықорғанда ерекше есімді адам дауыс берді

© Photo : пресс-служба акима ЖетысуЖетісулық Миллионер дауыс берді
Жетісулық Миллионер дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
Ер адам 5 бала мен 10 немере тәрбиелеп отыр
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Талдықорғанда Миллионер деген ерекше есімді ауыл тұрғыны саяси науқанға қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ер адам Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылында тұрады. Ол мал шаруашылығымен, сүт өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады.
© Photo : пресс-служба акима ЖетысуЖетісулық Миллионер дауыс берді
Жетісулық Миллионер дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жетісулық Миллионер дауыс берді
Миллионер Қажыкенұлы ауыл тұрғындарын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтың саяси-қоғамдық өміріне де белсене араласады. Бүгін ол 439-шы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
"Барлық облыс тұрғыны сияқты мен де сайлауға қатысып, өзім қолдайтын және мемлекетке пайдасын тигізеді деп сенетін үміткерлерге дауыс бердім. Әр азаматтың пікірі мен дауысы маңызды. Өйткені ортақ болашағымыз үшін, балаларымыздың болашағы бәріміз жауаптымыз", - деді Миллионер Қажыкенұлы.
Жетісу облысында Темір адам сайлауда дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жетісу облысында "Темір адам" өз таңдауын жасады
Жаңалықтар
0