Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Еліміздің барлық өңірінде парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Республика бойынша барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
Қазақстанның 15 өңірінде дауыс беру Астана уақытымен сағат 20.00-де аяқталса, Қазақстанның бес облысында – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облысында бір сағаттан кейін жабылды.
62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі ұйымдастырылды.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау комиссияларының мүшелері дауыс санауға кіріседі.
Сайлаушылар тізіміне 12 миллионнан астам адам енгізілген. Сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 54,09 пайызы дауыс берді.
Сайлаушылардың 54%-і таңдауын жасады – бес өңірде дауыс беру жалғасып жатыр