Павлодарлық экологтар Ертіс жағалауынан техникалық күкірт үйіндісін тапты

Улы зат еріген қар суымен бірге өзенге құйылып жатыр
Sputnik
ПАВЛОДАР, 17 наурыз – Sputnik. Павлодарлық эколог су қорғау белдеуінен тонналаған техникалық күкірт тапты. Видео жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды.
Мониторинг барысында павлодарлық тәуелсіз эколог Ержан Оразалинов Ертіс жағалауынан, су қорғау белдеуінен заңсыз техникалық күкірт үйіндісін тапты. Қазір күкірт еріген қар суымен бірге Ертіске құйылыпп, өзенді улап жатыр.
"Табиғатты қорғау прокуратурасына, экология департаментіне үндеу жасаймын. Тез арада иесін тауып, жаза қолданып, бұл қоқысты жою керек. Өйткені бұл тұрғындардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді", - деп мәлімдеді эколог.
Техникалық күкірт немесе күкірт диоксиді өте улы зат болып саналады. Жоғары концентрацияда ол адам денсаулығына зиян келтіріп, тыныс алу функциясының бұзылуына әкеліп соқтырады, сонымен қатар топырақты қышқылдандырып, жануарларды, өсімдіктерді улайды және экожүйенің теңгерімін бұзады.
Ақтөбелік экологтар Көкжиде суы мұнаймен ластанып жатқанын айтты