Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды

Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорда.
Ол Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады, онда табиғи және техногендік апаттар жағдайында гуманитарлық көмек көрсету мәселесі қаралады.
Сапар барысында мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Тоқаев Түркияда Ердоғанмен кездесу өткізеді