Тоқаев Түркияда Ердоғанмен кездесу өткізеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады.
Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады.
Сапар барысында мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0