Жеңгетайлықпен айналысқан: “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. Ішкі істер министрлігі жезөкшелік қызметімен айналысқан “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топ құрамындағы 11 адам ұсталды Олар “Kyzdar.Net” интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан. Күніне 2 млн теңгеге дейін пайда тапқан.
"Қылмыстық топ мүшелерінің жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды, орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады. Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады", - делінген хабарламада.
Сайтта порнографиялық туындылар салынған. Сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді пайдалануға арналған.
"Астана, Алматы, Павлодар қалаларында тінту жүргізгенде 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды", - дейді ведомстводағылар.
Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалған Қылмыскерлерге
“Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық” деген баппен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта веб-сайтты бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр.