https://sputnik.kz/20230315/zhengetaylyqpen-aynalysqan-kyzdarnet-saytynyn-top-menedzherleri-ustaldy-32972694.html
Жеңгетайлықпен айналысқан: “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері ұсталды
Жеңгетайлықпен айналысқан: “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. Ішкі істер министрлігі жезөкшелік қызметімен айналысқан “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілерін ұстады... 15.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-15T17:49+0500
2023-03-15T17:49+0500
2023-08-09T10:08+0500
жезөкше
https://sputnik.kz/img/947/41/9474118_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_e7a6016c3d4ed5653f70214d5e32177b.jpg
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. Ішкі істер министрлігі жезөкшелік қызметімен айналысқан “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық топ құрамындағы 11 адам ұсталды Олар “Kyzdar.Net” интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан. Күніне 2 млн теңгеге дейін пайда тапқан. "Қылмыстық топ мүшелерінің жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды, орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады. Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады", - делінген хабарламада.Сайтта порнографиялық туындылар салынған. Сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді пайдалануға арналған. "Астана, Алматы, Павлодар қалаларында тінту жүргізгенде 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды", - дейді ведомстводағылар. Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалған Қылмыскерлерге “Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық” деген баппен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта веб-сайтты бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/41/9474118_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_763e55454e8a280f32205e1099a47519.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жезөкше
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. Ішкі істер министрлігі жезөкшелік қызметімен айналысқан “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топ құрамындағы 11 адам ұсталды Олар “Kyzdar.Net” интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан. Күніне 2 млн теңгеге дейін пайда тапқан.
"Қылмыстық топ мүшелерінің жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды, орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады. Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады", - делінген хабарламада.
Сайтта порнографиялық туындылар салынған. Сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді пайдалануға арналған.
"Астана, Алматы, Павлодар қалаларында тінту жүргізгенде 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды", - дейді ведомстводағылар.
Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалған Қылмыскерлерге
“Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық” деген баппен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта веб-сайтты бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр.