АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қостанайда аспаз студент қолынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
17 жастағы қыздың қолын қамыр илейтін аппарат тартып алған.
17 жастағы қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды
© Photo : Қостанай облыстық ауруханасы
"Тері, бұлшықет, сіңір, қан тамырлары және оң білек сүйектері қатты жарақаттанған. Жағдайы өте ауыр болып келді. Бұндай жағдайда тәулік емес, минуттың өзі қауіпті. Кешіксек қолын ампутация жасауға тура келетін еді", - дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Мирас Ержасов.
Науқас үш апта жансақтау бөлімінде жатқан. 6 апта травматология бөлімінде емделген. 14 рет ота жасалып, 6 ай бойы оңалтудан өткен.