Қостанайда студенттің қолын қамыр араластыратын аппарат тартып алған

© Photo : Қостанай облыстық ауруханасы17 жастағы қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды
17 жастағы қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
Қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қостанайда аспаз студент қолынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
17 жастағы қыздың қолын қамыр илейтін аппарат тартып алған.
© Photo : Қостанай облыстық ауруханасы17 жастағы қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды
17 жастағы қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
17 жастағы қыздың қатты жарақаттанған қолын дәрігерлер аман алып қалды
"Тері, бұлшықет, сіңір, қан тамырлары және оң білек сүйектері қатты жарақаттанған. Жағдайы өте ауыр болып келді. Бұндай жағдайда тәулік емес, минуттың өзі қауіпті. Кешіксек қолын ампутация жасауға тура келетін еді", - дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Мирас Ержасов.
Науқас үш апта жансақтау бөлімінде жатқан. 6 апта травматология бөлімінде емделген. 14 рет ота жасалып, 6 ай бойы оңалтудан өткен.
Жаңалықтар
0