Ресейден 850 мың тонна жанар-жағармай импортталады

Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстан Ресеймен 850 мың тоннаға дейін жанар-жағармай импорттау туралы келісті. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол бензин мен дизель отынs бойынша қор жиналғанын атап өтті. Сонымен қатар сырттан импортталатын қосымша көлем анықталған.
"Қазір ол импорт басталып кетті. Осы жылға Ресеймен 850 мың тоннаға дейін жанар-жағармай импорттау туралы уағдаластық", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта жанар-жағармай қымбаттайды деп болжанып отырған жоқ.
Өңірлер
Атырауда сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілді