https://sputnik.kz/20230226/atyrau-suyytylgan-gaz-tapshylygy-32478732.html
Атырауда сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілді
Атырауда сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілді
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Атырауда бірнеше күннен бері туындаған сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілді. Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық... 26.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-26T14:12+0600
2023-02-26T14:12+0600
2023-02-26T14:12+0600
өңірлер
атырау
газ
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Атырауда бірнеше күннен бері туындаған сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілді. Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы жұмысын қайта бастады.Бұл туралы брифингте Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков мәлімдеді, деп хабарлайды "Ақ Жайық".Бұған дейін Атырауда газ тапшы болған еді. Газбен жүретін көлік иелері жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болды."1 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуына байланысты А-92, А-95 бензині, дизель отыны, сұйытылған газ өндіру көлемі айтарлықтай қысқарды. Әдетте 600 тонна өнім шығаратын зауытта тәулігіне 100-130 тонна ғана сұйытылған газ өндірілді. Облыс әкімдігі қала мен аудандардағы жанар-жағармай құю бекеттеріне кезекпен газ беруді ұйымдастырды. 23 ақпаннан бастап қондырғы іске қосылғаннан кейін барлық жанар-жағармай құю станциясында автогаз бар", - деді Кенжебеков.Сондай-ақ ол ТШО-мен меморандум жасасу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. Құжат компанияның газ тапшылығымен байланысты жағдайларды шешуге қатысуын көздейді.
https://sputnik.kz/20230225/suyytylgan-gaz-en-qymbat-onirler-belgili-boldy-32469859.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_4a603285f938cac5288d57957d25d236.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
атырау, газ
Атырауда сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілді
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Атырауда бірнеше күннен бері туындаған сұйытылған газ тапшылығы мәселесі шешілді. Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы жұмысын қайта бастады.
Бұл туралы брифингте Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков мәлімдеді, деп хабарлайды
"Ақ Жайық".Бұған дейін Атырауда газ тапшы болған еді. Газбен жүретін көлік иелері жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болды.
"1 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуына байланысты А-92, А-95 бензині, дизель отыны, сұйытылған газ өндіру көлемі айтарлықтай қысқарды. Әдетте 600 тонна өнім шығаратын зауытта тәулігіне 100-130 тонна ғана сұйытылған газ өндірілді. Облыс әкімдігі қала мен аудандардағы жанар-жағармай құю бекеттеріне кезекпен газ беруді ұйымдастырды. 23 ақпаннан бастап қондырғы іске қосылғаннан кейін барлық жанар-жағармай құю станциясында автогаз бар", - деді Кенжебеков.
Сондай-ақ ол ТШО-мен меморандум жасасу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. Құжат компанияның газ тапшылығымен байланысты жағдайларды шешуге қатысуын көздейді.