Қоржын ауылының 16 тұрғыны тікұшақпен эвакуцияланды

16 адамның арасында балалар мен екі жүкті әйел бар
Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының тұрғындары тікұшақпен эвакуацияланды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар мен қайықтар ауылға тікұшақпен жеткізілді. Ал 16 тұрғын Қаратөбеге эвакуцияланды.
"Тұрғындар тікұшақпен аман-есен эвакуцияланды. Қазіргі уақытта адамдар туыстарының үйіне қоныстанды. Қоржын кенті көлік қатынасынсыз қалды, тұрғын үйлерді су басқан жоқ, өнімдер мен дәрі-дәрмектер бар. Жасыбай өзені арнасынан тасыған жоқ", - деп түсіндірді ТЖМ.
Эвакуацияланғандардың арасында алты бала мен екі жүкті әйел болды.
Бұған дейін қызыл су бөгеттен асып кеткендіктен Ақбұлақ ауылының 44 тұрғыны туыстарының үйіне орналастырылған болатын.
Батыс Қазақстанда 50-ге жуық үй су астында қалды