https://sputnik.kz/20230314/batys-qazaqstanda-50-ge-zhuyq-uy-su-astynda-qaldy-32899902.html
Батыс Қазақстанда 50-ге жуық үй су астында қалды
Батыс Қазақстанда 50-ге жуық үй су астында қалды
Sputnik Қазақстан
Үш ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды 14.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-14T10:21+0500
2023-03-14T10:21+0500
2023-03-14T10:22+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/03/09/32795910_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_ec7ccfa43cecb6feb54d8e4b46a8e9b4.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстанда қызыл су елді елді мекендерге қауіп төндірді. 150-ге жуық адам эвакуацияланды. Орал қаласы мен Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.50-ге жуық үй су астында қалды, адам шығыны жоқ, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.Облыста ауа температурасы +12 градусқа дейін күрт жылынып, қар тез еріген. Салдарынан Бөрлі, Сырым және Теректі аудандарында 48 тұрғын үйді су басты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен 149 адам эвакуацияланып, 300-ге жуық төрт түлік мал қауіпсіз жерге айдалды.Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тәулігіне 800-ден астам адам, 200 бірлік техника және 100 су айдау құралы жұмылдырылды.Тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде инертті материалдар салынған 4 мың дана қап төселді, 25 мың текше метрден астам су сорылды.Жалпы дайындық және су тасқынына қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан астам инертті материал салынған қаптар жиналып, төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мың текше метрден астам қар шығарылды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/09/32795910_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_7d4be4e7ff1877991675c731a0744873.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Батыс Қазақстанда 50-ге жуық үй су астында қалды
10:21 14.03.2023 (жаңартылды: 10:22 14.03.2023) Үш ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстанда қызыл су елді елді мекендерге қауіп төндірді. 150-ге жуық адам эвакуацияланды. Орал қаласы мен Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
50-ге жуық үй су астында қалды, адам шығыны жоқ, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Облыста ауа температурасы +12 градусқа дейін күрт жылынып, қар тез еріген. Салдарынан Бөрлі, Сырым және Теректі аудандарында 48 тұрғын үйді су басты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен 149 адам эвакуацияланып, 300-ге жуық төрт түлік мал қауіпсіз жерге айдалды.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тәулігіне 800-ден астам адам, 200 бірлік техника және 100 су айдау құралы жұмылдырылды.
Тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде инертті материалдар салынған 4 мың дана қап төселді, 25 мың текше метрден астам су сорылды.
Жалпы дайындық және су тасқынына қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан астам инертті материал салынған қаптар жиналып, төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мың текше метрден астам қар шығарылды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді.