Өңірлер

Рудныйда жылу желілерінде тағы апат болды

Билікке қалалық автобустардың бағдарын өзгертуге тура келді
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Рудныйда жылу желілерінде апат болды, деп хабарлайды "Наша газета" қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Жылу желілеріндегі коммуналдық апатқа байланысты көшелер уақытша жабылды. Осы көшелер арқылы жүретін автобустардың қозғалыс кестесі өзгертіледі", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, ақпан айының соңында Рудныйдағы жылу желілерінде су температурасын 80 градустан жоғары көтеру тоқтатылған болатын. Қалада апат шығуы мүмкін алты учаске анықталды.
Оларды жөндеуге ішінара келісімшарттар бекітілді. Құбырлар, қосалқы және басқа да жабдықтар жеткізіле бастады. Бюджет 269 млн теңгені құрады.
Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды