https://sputnik.kz/20230209/rudnyyda-tagy-qubyr-zharyldy--80-uy-zhylusyz-qaldy-31924810.html
Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды
Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Рудный қаласында тағы коммуналдық апат болды. Бұл жолы 83 үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наша Газета" порталына... 09.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-09T09:47+0500
2023-02-09T09:47+0500
2023-02-09T09:47+0500
рудный
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29827720_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_9d9fee99b44dbd1dabaa01f1019d15b9.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Рудный қаласында тағы коммуналдық апат болды. Бұл жолы 83 үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наша Газета" порталына сілтеме жасап.Жергілікті билік құбырдың жарылғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат 8:30-да Горняков көшесіндегі жылу трассасын жауып тастаған. Осыған байланысты Джержинский көшесінен бастап Ленинге дейінгі аралықта жылу жоқ. 83 үй, соның ішінде 24 көпқабатты тұрғын үй мен 59 жеке меншік үй жылусыз қалды.Айта кетері, жылу маусымы басталғалы бері Рудный қаласында бірнеше апат болды. Атап айтқанда, 30 қарашада Гагарин көшесінде 33 көпқабатты үй жылусыз қалса, 10 желтоқсанда Дзержинский мен Горькийдің қиылысында, ал 19 қаңтарда Горняковта құбыр жарылды.21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Рудныйға арнайы барып, құбыр жарылған жерді көріп қайтты.
https://sputnik.kz/20230119/rudnyyda-24-kopqabatty-uydin-turgyndary-zhylusyz-qaldy-31282715.html
рудный
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29827720_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_19cc4ec193f2cc00e32f37547ffa7c85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рудный
Рудныйда тағы құбыр жарылды – 80 үй жылусыз қалды
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Рудный қаласында тағы коммуналдық апат болды. Бұл жолы 83 үй жылусыз қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Наша Газета"
порталына сілтеме жасап.
Жергілікті билік құбырдың жарылғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат 8:30-да Горняков көшесіндегі жылу трассасын жауып тастаған. Осыған байланысты Джержинский көшесінен бастап Ленинге дейінгі аралықта жылу жоқ. 83 үй, соның ішінде 24 көпқабатты тұрғын үй мен 59 жеке меншік үй жылусыз қалды.
Айта кетері, жылу маусымы басталғалы бері Рудный қаласында бірнеше апат болды. Атап айтқанда, 30 қарашада Гагарин көшесінде 33 көпқабатты үй жылусыз қалса, 10 желтоқсанда Дзержинский мен Горькийдің қиылысында, ал 19 қаңтарда Горняковта құбыр жарылды.
21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Рудныйға арнайы барып, құбыр жарылған жерді көріп қайтты.