"Кредит алып, төлемей қояды": СІМ шенген визасын алу неге қиындағанын түсіндірді

Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтар үшін шенген визасын алу тәртібі неге қиындағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, азаматтардың өздері бұған себеп туындатып жатыр.
"Кейбір қазақстандықтар Шенген елдеріне барғанда автокөлікті жалға алып, айыппұлды төлеместен елден кетіп қалады. Әрине, мұның бәрі қордаланады. Басқа да құқықбұзушылықтар бар. Бөтен елге барғанда, оның заңдары мен ережелерін сақтау қажет. Студенттер кредит алып, төлемей, елден шығып кетеді", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
1 наурыздан бастап кейбір елдер үшін шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар өткізіледі. Олардың арасында Қазақстан да бар.
СІМ қазақстандықтарға шенген визасын алудың жаңа ережесін түсіндірді