СІМ қазақстандықтарға шенген визасын алудың жаңа ережесін түсіндірді

© "Правительство для граждан"Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Қазақстан шенген визасын алу бойынша "қара тізімде" жоқ, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Шенген келісімінде ешқандай "қара" немесе "қызыл" тізім жоқ екенін атап өткім келеді. Мәселе кәдімгі жұмыс барысында туралы болып отыр", - деп түсіндірді Смадияров дүйсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына виза беру кезінде қосымша консультациялар жүргізуді шенген келісімі елдерінің бірі сұраған.
Ережеге сәйкес, Еуропалық Одақ және шенген аймағы елдері виза алуға өтініш білдірген үшінші елдің азаматтарына қатысты қосымша консультация жүргізуге құқылы.
Бұған дейін БАҚ 2023 жылдың 1 наурызынан бастап виза алуға өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының құжаттары шенген келісімінің бірыңғай компьютерлік деректер базасына жіберілетінін хабарлаған болатын.
Енді әрбір қазақстандықтың жеке басы полицияның, қауіпсіздік қызметінің, көші-қон және басқа да қызметтердің барлық бөлімшесінде, еуропалық әуежайлар мен вокзалдарда тексеріледі.
Жаңалықтар
0