АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Ақтауда үшінші қабаттың балконынан құлаған ер адам аман қалды, деп хабарлады Lada.kz.
ТЖД мамандары өткен аптада 33 рет дабыл бойынша шыққан. Оның ішінде 12 рет авариялық құтқару жұмыстарын жүргізген. Бір апта ішінде құтқарушылар жабық пәтерлерден бес баланы шығарған. Сондай-ақ үшінші қабаттың балконынан құлаған адамға көмек көрсетті.
Төтенше жағдай 11 наурыз күні кешке болған. Құтқарушылар 4-ші шағын аудандағы 56-үйдің үшінші қабатының балконынан құлаған адамға көмек көрсетті. Жәбірленуші бірінші қабаттың күнқағарына құлаған.
Ал 8 наурызда Жаңаөзенде үйлердің бірінде қамалып қалған екі жасар баланы алып шығып, әкесіне тапсырды. Құтқарушылар дәл осылай есік кілттеніп сыртқа шыға алмай қалған тағы 4 бүлдіршінді аман-есен ата-анасының қолына тапсырды.