Бесінші қабаттан құлаған қызды қағып алған полицейге бес бөлмелі пәтер берілді

© Pixabay / Alexandr PodvalnyИпотека
Ипотека - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Арқалық қаласында бесінші қабаттан құлаған қызды қағып алған полицей Алмат Әмірханға қызметтік пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде аға лейтенант ем қабылдап жүр. Қызды құтқарғанда аяғын қатты соғып алған. Бүгін оған бес бөлмелі қызметтік пәтердің кілті табысталды.
"Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекетіне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алматы Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды", - дейді Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов.
Алматтың өзі қызметтік пәтердің кілтін алғасын: "Енді, отбасын құру жағын да ойлануға болады", - деп қуанып қалды. Осы уақытқа дейін ол туыстарымен бірге тұрып келген.
Айта кетері, 7 қаңтарда Арқалықта қыз бесінші қабаттың балконынан құлап бара жатып, қоршауын ұстап қалды. Сол кезде үйдің жанынан өтіп бара жатқан адамдар жедел басқару орталығына хабар береді. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барған. Руслан бірден бесінші қабатқа жүгіреді. Ал Алмат далада қалған. Сол кезде қыздың күші сарқылып, бесінші қабаттан құлап кетеді. Алмат оны қағып алуға тырысқан. Сөйтіп, өз денесін тосып қалған. Соның арқасында 29 жастағы қыз аман қалды. Ал полицей жарақат алды.
Балконы многоэтажного дома, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2023
Арқалықта бесінші қабаттан полицейдің үстіне құлаған қыз аман қалды
Жаңалықтар
0