Bereke Bank АҚШ-тың санкциялық тізімінен шығарылды

Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік Сбербанктің бұрынғы еншілес ұйымы Bereke bank шектеу тізімінен алынғанын мәлімдеді.
Құжатқа сәйкес, Қаржы министрлігінің құжаттарында "Ресей Жинақ банкінің еншілес ұйымы", SB SBERBANK, "Ресей Жинақ банкі акционерлік қоғамының еншілес банкі" және TEXAKABANK деген төрт түрлі атаумен көрсетілген қазақстандық Bereke Bank санкциядан алынды.
Ақпан айының басында қазақстандық Bereke Bank-тен (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) ресейлік Сбербанк акционерлерінің құрамынан шығуына байланысты АҚШ санкциясы алынатыны хабарланған болатын.
2022 жылдың тамызында банк "Бәйтерек" мемлекеттік холдингінің меншігіне өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 6 наурыздан бастап Қазақстанда "Береке банк" желісіндегі Сбербанк Мир карталарына қызмет көрсету тоқтатылды. Бұрын "Bereke Bank" банкоматтары рубль шоттарынан ақша алу кезінде карталарды қабылдап, теңге беретін. Дәл осы күннен бастап Ресейге шот нөмірі мен телефон нөмірі бойынша аударымдарды жіберу қызметі тоқтатылды.
Қоғам
Bereke bank ресейлік Сбердің "Мир" картасынан қолма-қол ақша беруді тоқтатады