Қоғам

Bereke bank ресейлік Сбердің "Мир" картасынан қолма-қол ақша беруді тоқтатады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуМир картасы
Мир картасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
"Сбербанктің" Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкі – Bereke bank 6 наурыздан бастап ресейлік банктер шығарған "Мир" картасынан қолма-қол ақша бермейді
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 6 наурыздан бастап Bereke Bank (бұрынғы "Сбербанк Қазақстан") желілерінде "Сбербанктің" Мир карталарына қызмет көрсету тоқтатылады", деп мәлімдеді Bereke Bank қолдау қызметі.
Бұған дейін Bereke Bank банкоматтары картаны қабылдап, рубль шотынан теңге шығарып беретін.
"6 наурыздан бастап Bereke Bank желілерінде "Сбербанктің" МИР карталарына қызмет көрсету тоқтатылады. Ал санкцияға ілікпеген банктердің шетелдік "МИР" карталарына бұрынғы режимде қызмет көрсетілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Нақтыланғандай, АҚШ санкциясынан шығу үшін Bereke bank-ке "Сбербанк" ЖАҚ-пен жұмысты тоқтату қажет. Осыған байланысты 6 наурыздан бастап шот және телефон нөмірлері арқылы Ресейге аударым жасау қызметі тоқтатылады.
Айта кетері, Bereke bank Сбербанктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес банктінің базасында құрылған.
Жаңалықтар
0