АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында аудандық электр станциясының бұрынғы басшысына қатысы сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
56 жастағы Бауыржан Биғалиев қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін айыпталған болатын. Соның салдарынан кішкентай бала тоққа түсіп, екі қолынан айырылды.
Сот отырысы кезінде прокурор электр станциясының бұрынғы басшысы үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Биғалиевтың өзі айыптаушының пікірімен келіспеді.
Судья оны екі жылға бас бостандығын шектеуге шешім шығарды. Бұдан бөлек, "ЗапКаз РЭК" ЖШС төрт жасар Аманжол Орынбекұлының отбасына 30 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеп беруге міндеттелді. Жәбірленуші тарап 35 миллионды талап еткен.
Биғалиев сот шешімімен де келіспеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Үстінен аппеляциялық шағым түсуі мүмкін.
Айта кетері, былтыр Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар бала электр станциясының аумағына кіріп, тоққа түскен.
Оны дереу облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер екі қолына ампутация жасауға мәжбүр болды.