https://sputnik.kz/20220621/batys-qazaqstan-bala-toq-25659886.html
Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды
Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Қазір жағдайы орташа ауыр. Айығып шығуы үшін біраз уақыт керек дейді мамандар 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T08:01+0500
2022-06-21T08:01+0500
2023-08-09T09:47+0500
тоқ соғу
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_0:126:3197:1924_1920x0_80_0_0_50bdde1d76be945f11e64c67a16a021b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды, деп хабарлайды Хабар 24.Бала электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Қазір жағдайы орташа ауыр. Айығып шығуы үшін біраз уақыт керек дейді мамандар. Қазір еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті. Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төндіріп отыр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады. Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. "24 күні түнде операция жасады. Содан 4 күн жатты реанимацияда. 28 күні бері палатаға шықты. Содан бері қасында отырамын. Түнде ұйықтамайды, бір жарымда тұрып алады. Осылай жүрем, көтерем, арбаға салам, осы жыламасыншы деп. Ішкі құрылыстарына зақым келген деп айтты. Бірақ емдеп жатыр. Тоқ өтіп кеткен ғой", - дейді анасы Әсел Айтжанова.Батыс Қазақстан облысы электр қуатын таратушы компаниясының бас инженері Асқар Ғайсиннің айтуынша комиссия Жаңақала аудандық полиция бөлімі атынан құрылып отыр. "Сол кісілер комиссия анық-қанығын талдап болғасын қосымша айтылады. Ол жерде плакаттар бар қауіпсіздік талабына сәйкес, бірақ енді балалар білмейді ғой тоқтың қандай әсері болатынын. Әрі қарай да мүмкіндігіміз болса, көмектесіп тұрамыз", - дейді ол.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_232:0:2963:2048_1920x0_80_0_0_ece9e4b25d4a06dd93727035f38e2cf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқ соғу, батыс қазақстан облысы
тоқ соғу, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды
08:01 21.06.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Қазір жағдайы орташа ауыр. Айығып шығуы үшін біраз уақыт керек дейді мамандар
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, нәтижесінде бүлдіршін екі қолынан айырылды, деп хабарлайды
Хабар 24. Бала электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Облыстық ауруханаға жедел жеткізілген. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.
Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы 4 баланың кішісі. Қазір жағдайы орташа ауыр. Айығып шығуы үшін біраз уақыт керек дейді мамандар.
Қазір еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті.
Айта кету керек, аймақта электр тораптарының 83% әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төндіріп отыр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады.
Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
"24 күні түнде операция жасады. Содан 4 күн жатты реанимацияда. 28 күні бері палатаға шықты. Содан бері қасында отырамын. Түнде ұйықтамайды, бір жарымда тұрып алады. Осылай жүрем, көтерем, арбаға салам, осы жыламасыншы деп. Ішкі құрылыстарына зақым келген деп айтты. Бірақ емдеп жатыр. Тоқ өтіп кеткен ғой", - дейді анасы Әсел Айтжанова.
Батыс Қазақстан облысы электр қуатын таратушы компаниясының бас инженері Асқар Ғайсиннің айтуынша комиссия Жаңақала аудандық полиция бөлімі атынан құрылып отыр.
"Сол кісілер комиссия анық-қанығын талдап болғасын қосымша айтылады. Ол жерде плакаттар бар қауіпсіздік талабына сәйкес, бірақ енді балалар білмейді ғой тоқтың қандай әсері болатынын. Әрі қарай да мүмкіндігіміз болса, көмектесіп тұрамыз", - дейді ол.