Таразда бір отбасының 5 адамы газдан уланып қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бір отбасының бес адамы газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 7 наурызда болды. Табиғи газбен жылынатын пештің мұржасы тазаланбауы салдарынан бір отбасының бес мүшесі уланып қалды. 13, 11 және 8 жастағы балалар мен олардың ата-анасы ауруханаға жатқызылды.
Ал 6 наурызда Аягөз қаласында екі адам улы газдан зардап шеккен. Құтқарушылардың айтуынша, екі отбасы да жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзған.
Төтенше жағдайлар мамандары газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Солтүстік Қазақстанда пештегі ақау салдарынан зейнеткер уланып қалды