Түркістан облысында 10 күн бұрын жоғалған адамның мәйіті табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының Бәйдібек ауданында 10 күн бұрын жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Ол 24 ақпанда аң аулауға шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сол күні туыстары полицияға хабарласып, тауып беруді өтінген.
"Іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. Тұрғынды ертерек табу үшін тіпті дрон пайдаланылды. Жоғалған адамның денесі су бетінен табылды", - деді ведомство.
Бұл факт "Адамның қайтыс болуы" бабымен тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Өңірлер
Бес тәулік бойы іздеген: Павлодарда суға кеткен ер адамның мәйіті табылды