https://sputnik.kz/20220911/pavlodar-su-er-adam-27474448.html
Бес тәулік бойы іздеген: Павлодарда суға кеткен ер адамның мәйіті табылды
Бес тәулік бойы іздеген: Павлодарда суға кеткен ер адамның мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бес тәулікке созылған іздестіру жұмыстары кезінде суға кеткен ер адамның мәйіті табылды. Ол "Ертіс" футбол клубының бұрынғы... 11.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-11T13:31+0500
2022-09-11T13:31+0500
2022-09-11T13:31+0500
өңірлер
павлодар
ер адам
https://sputnik.kz/img/1096/31/10963152_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_33a3c24e75d4d6c7ecf71a84145895e2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бес тәулікке созылған іздестіру жұмыстары кезінде суға кеткен ер адамның мәйіті табылды. Ол "Ертіс" футбол клубының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай құрамасының мүшесі болған, деп хабарлайды Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі."10 қыркүйек күні сағат 16.53-те Павлодар ауданы Кенжекөл ауылының маңында төрт құтқарушы 5 қыркүйекте балық аулау кезінде суға кеткен 1995 жылғы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды", - деп мәлімдеді ТЖД."Мәйітті балықшы Ақсу көпірінің астынан кездейсоқ көріп қалған", - деп хабарлады агенттік тілшісіне павлодарлық "VITA" іздеу тобындағылар.Бұған дейін Sputnik Қазақстан хабарлағандай, қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында болған. Екі дос балық аулауға шыққан. Алайда олардың бірі "Ертіс" футбол командасының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай құрамасының ойыншысы, 1995 жылғы ер адам жағаға қатты жақын келіп, аяғы тайып, құлап кеткен. Досы оны құтқара алмаған.Ер адамды іздеу жұмыстары бес тәулік бойы жалғасты. Іздестіру жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, сондай-ақ Павлодар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Павлодардағы "ВИТА" еріктілері, суға батқан жігіттің туыстары мен жақындары жұмылдырылды.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1096/31/10963152_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_81ddba903b331293fac135b82e28e2c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, ер адам
Бес тәулік бойы іздеген: Павлодарда суға кеткен ер адамның мәйіті табылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бес тәулікке созылған іздестіру жұмыстары кезінде суға кеткен ер адамның мәйіті табылды. Ол "Ертіс" футбол клубының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай құрамасының мүшесі болған, деп хабарлайды Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"10 қыркүйек күні сағат 16.53-те Павлодар ауданы Кенжекөл ауылының маңында төрт құтқарушы 5 қыркүйекте балық аулау кезінде суға кеткен 1995 жылғы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды", - деп мәлімдеді ТЖД.
"Мәйітті балықшы Ақсу көпірінің астынан кездейсоқ көріп қалған", - деп хабарлады агенттік тілшісіне павлодарлық "VITA" іздеу тобындағылар.
Бұған дейін
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында болған. Екі дос балық аулауға шыққан. Алайда олардың бірі "Ертіс" футбол командасының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай құрамасының ойыншысы, 1995 жылғы ер адам жағаға қатты жақын келіп, аяғы тайып, құлап кеткен. Досы оны құтқара алмаған.
Ер адамды іздеу жұмыстары бес тәулік бойы жалғасты. Іздестіру жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, сондай-ақ Павлодар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Павлодардағы "ВИТА" еріктілері, суға батқан жігіттің туыстары мен жақындары жұмылдырылды.