Бас прокуратура жоғарғы соттан белгілі кәсіпкерге қатысты сот үкімінің күшін жоюды сұрады

Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз - Sputnik. Бас прокуратура жоғарғы соттан қазақстандық кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады, деп хабарлады оның адвокаты Сәуле Көбжанова.
"Бас прокуратура 27 ақпанда жоғарғы сотқа өткен сот актілерінің күшін жоюға кассациялық наразылық әкелді", - делінген бас прокуратураның хатында.
2020 жылдың шілдесінде Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Алмас Әбдіғаппаровқа аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ұрлады деген айып тағылған болатын. Оны жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған.
"Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша бас прокуратура заңсыз айыптау үкімінің күшін жоюға кассациялық наразылық білдірді. Бас прокурор Берік Ноғайұлы Асыловқа әділеттігі үшін алғыс айтамыз! Жоғарғы соттың кассациялық сатысы да сот төрелігі қағидаттарына адалдықпен қарайды деп үміттенеміз", - деп Сәуле Көбжанова әлеуметтік желіде жазды.
Алмас Әбдіғаппаров - белгілі қазақстандық кәсіпкер, Parmigiano Group негізін қалаушы, оның иелігінде Қазақстандағы 20-дан астам мейрамхана, сондай-ақ тамақ жеткізу қызметі, көшпелі қызмет көрсету сервисі мен қонақ үйлер бар.
Әбдіғаппаров AV-Construction және AV-Architects архитектуралық бюросын құрған. Кәсіпкердің басты құрылыс жобасы - Esentai city кешені.