Астанада халықаралық музыка фестивалі басталды

Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 2 наурызда "Астана Опера" театрында Ресей өнері мен мәдениетінің "Орыс мезгілдері" фестивалі ашылды.
Қазақстанда "Орыс мезгілдері" фестивалі басталды
"Бұл халықаралық жобаны өткізу ресейлік-қазақстандық мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам саналады. Жыл бойы Қазақстан Республикасының тұрғындары Ресей өнерінің үздіктерімен кездесуден ұмытылмас әсер алады деп үміттенеміз", - деді РФ мәдениет министрі Ольга Любимова.
"Чайковский-гала" бағдарламасында ресейлік композитордың белгілі шығармалары орындалды.
1 / 4
"Русские сезоны" стартовали в Казахстане
2 / 4
"Русские сезоны" стартовали в Казахстане
3 / 4
"Русские сезоны" стартовали в Казахстане
4 / 4
"Русские сезоны" стартовали в Казахстане
Биыл Қазақстанда "Орыс мезгілдері" аясында сондай-ақ жетекші ресейлік театрлардың гастрольдерін ұйымдастыру жоспарлануда. Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа да қалаларында көрмелер, симфониялық концерттер, фильмдер көрсетілімі, шығармашылық зертханалар, ресейлік мәдениет мекемелерінің шеберлік сабақтары өтеді.
"Орыс мезгілдері" – екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогқа жаңа мүмкіндіктер ашатын жаһандық фестиваль. Жобаны Ресей үкіметі мен РФ мәдениет министрлігі Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.