АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 2 наурызда "Астана Опера" театрында Ресей өнері мен мәдениетінің "Орыс мезгілдері" фестивалі ашылды. 03.03.2023, Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 2 наурызда "Астана Опера" театрында Ресей өнері мен мәдениетінің "Орыс мезгілдері" фестивалі ашылды."Бұл халықаралық жобаны өткізу ресейлік-қазақстандық мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам саналады. Жыл бойы Қазақстан Республикасының тұрғындары Ресей өнерінің үздіктерімен кездесуден ұмытылмас әсер алады деп үміттенеміз", - деді РФ мәдениет министрі Ольга Любимова."Чайковский-гала" бағдарламасында ресейлік композитордың белгілі шығармалары орындалды.Биыл Қазақстанда "Орыс мезгілдері" аясында сондай-ақ жетекші ресейлік театрлардың гастрольдерін ұйымдастыру жоспарлануда. Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа да қалаларында көрмелер, симфониялық концерттер, фильмдер көрсетілімі, шығармашылық зертханалар, ресейлік мәдениет мекемелерінің шеберлік сабақтары өтеді."Орыс мезгілдері" – екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогқа жаңа мүмкіндіктер ашатын жаһандық фестиваль. Жобаны Ресей үкіметі мен РФ мәдениет министрлігі Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
"Бұл халықаралық жобаны өткізу ресейлік-қазақстандық мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам саналады. Жыл бойы Қазақстан Республикасының тұрғындары Ресей өнерінің үздіктерімен кездесуден ұмытылмас әсер алады деп үміттенеміз", - деді РФ мәдениет министрі Ольга Любимова.
"Чайковский-гала" бағдарламасында ресейлік композитордың белгілі шығармалары орындалды.
Биыл Қазақстанда "Орыс мезгілдері" аясында сондай-ақ жетекші ресейлік театрлардың гастрольдерін ұйымдастыру жоспарлануда. Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа да қалаларында көрмелер, симфониялық концерттер, фильмдер көрсетілімі, шығармашылық зертханалар, ресейлік мәдениет мекемелерінің шеберлік сабақтары өтеді.
"Орыс мезгілдері" – екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогқа жаңа мүмкіндіктер ашатын жаһандық фестиваль. Жобаны Ресей үкіметі мен РФ мәдениет министрлігі Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.