Қазақстаннан Сауд Арабиясына ет пен бал экспортталады

Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстандық 19 компания Сауд Арабиясына өз өнімдерін экспорттайды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Сауд Арабиясының азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді.
"Қазақстанның Араб әмірлігіндегі елшілігінің қолдауымен Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 34 отандық компания Сауд Арабиясына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алады.
Қазақстан күріші қай елдерге экспортталады