Қазақстаннан Сауд Арабиясына ет пен бал экспортталады

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуЕт
Ет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстандық 19 компания Сауд Арабиясына өз өнімдерін экспорттайды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Сауд Арабиясының азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді.
"Қазақстанның Араб әмірлігіндегі елшілігінің қолдауымен Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 34 отандық компания Сауд Арабиясына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алады.
Күріш, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2022
Қазақстан күріші қай елдерге экспортталады
Жаңалықтар
0