АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қарағандыда екі жастағы бала жекеменшік балабақшада күйіп қалды. Мектепке дейінгі мекеме заңсыз жұмыс істеп келген екен. Оны зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасы полция мен білім бөліміне шағымданғанда ғана білген, деп хабарлады КТК.
"Тәрбиеші баланы жуындырмақ болғанда екінші бала жылаған, соған кетіп қалған. Сол аралықта менің балам ыстық суды бұрап ашып жіберіпті-міс. Ыстық судан табанының терісі түсіп қалған. Енді аяғы көлкілдеп ісіп тұр", - дейді Қарағанды тұрғыны Виктория Евтеева.
Дәрігерлер баланың табанын термиялық күйік шалып, денесінің төрт пайызы зақымданған деген диагноз қойыпты. Анасының айтуынша, қазір ол аяғын басып тұра алмайды. Мемлекеттік балабақшада екі жасқа дейінгі балаларды қабылдамайтындықтан, ата анасы бөбекті жеке тәрбиешінің қарауына берген. Кейін ұлғайып орталыққа айналыпты. Алайда қандай да бір тексеріс келіп кетерде орталықтың бала қабылдамайтын тәртібі болыпты. Оның себебі қазір анықталып жатыр. Сөйтсе бөбектерді қарап келген мекемеде бұл кәсіппен айналысуға рұқсат болмаған.
Аталаған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
"Бұл мекеме заңсыз жұмыс істеп келген. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне рұқсаты болмаған. Сондықтан ата-аналардан баланы қандай да бір мекемеге берерде оның рұқсат қағазын тексеріп алуды сұраймыз", - дейді Қарағанды білім бөлімінің маманы Әлия Биева.