АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Елордадан тысқары барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының мәліметінше, Астананың тас жолдары ауа райының нашарлауына және қатты көктайғаққа байланысты жабылған.
"Ауа райының нашарлауына байланысты алыс жолдарға шықпауға шақырамыз. Жолдарда қатты көктайғақ болып тұр", - деп ескертті ІІМ баспасөз қызметі.
Еске салакетейік, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш өңірінде, яғни Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында жолдардың 19 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.