Өңірлер

Көктемнің алғашқы күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2023
Жазылу
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Алдағы күндері елдің басым аумағында жылу мен ылғал қоры мол Атлантикалық циклонның әсерінен жаңбыр және қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел болжанып отыр.
Ал республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде бұған қоса боран соғады.
"Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан – 1 наурыз аралығында елдің шығысында жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.
Сынап бағанасы күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 3-5 градус жылы көрсетеді, ал оңтүстік жартысында температура 15-20 градусқа дейін жоғарылайды. Елдің батысы мен солтүстік-батысында ғана күндіз ауа температурасы біртіндеп 0-10 градусқа дейін төмендейді.
Жаңалықтар
0