АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда туристер арасында танымал бес көрікті жердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
1.
Іле Алатауы. Былтыр Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 628 мың турист келіп кетті;2.
Бурабай. 2022 жылы Көкшенің көз тоймас көрікті жерлеріне 550 мыңнан астам адам барып қайтты;3.
Көлсай көлдері. Бұл жерге шетелдік туристер де көп барады. Былтыр жалпы 190 мыңнан астам адам Көлсайды көрген.4.
Баянауыл ұлттық паркі (85 мың турист);5.
Шарын шатқалы (45 мыңнан астам турист).Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келген. Бүгінде ішкі туризм көрсеткіштері де өсіп келеді.