Ұшақпен тегін саяхаттайтын балалардың саны артады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі "Kids Go free" бағдарламасы бойынша ұшақпен тегін ұша алатын балалардың саны 2 мыңға дейін артатынын хабарлады.
Былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алған болатын.
"Биыл біз 2000 балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейміз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды", - дейді министр Асхат Оралов.
Айта кетері, былтырдан бастап ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға тиімді жеңілдік берілді. Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Ал барлық шығынды мемлекет өтейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту.
Sputnik Қазақстан жазғы уақытта жоғары сұранысқа ие болатын Kids go free бағдарламасының негізгі шарттары туралы жазған болатын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2022
Балалар ұшақпен тегін ұшады – бағдарламаның талаптары қандай
Жаңалықтар
0