АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Өскемен әкімдігінің қызметкерлері қоқыстан тсүкен қаражатты қайырымдылыққа беретін болды, деп хабарлады Altaynews.kz.
"Әкімдіктің әр бөлімінде қоқысты бөлек-бөлек жинайтын арнайы контейнерлер қоямыз. Жиналған және сұрыпталған қалдықтарды қабылдау пункттеріне өткіземіз. Ал алынған қаражат қайырымдылыққа, мысалы, балалар үйлерін қолдауға жұмсалады", -деп түсіндірді Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өскеменде жақында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын арнайы пункттер ашылған. Әрбір адам сұрыпталған қоқысты ақшаға тапсыра алады. Бірінші пункт Виноградов көшесіндегі 25 үйдің шетіне қарама-қарсы, екіншісі - Абай даңғылындағы қалалық автовокзалдың артында, такси жүргізушілері тұрағының жанында орналасқан.