Қарағанды тұрғынынан жарты миллион қорап темекі тәркіленді

Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін жауапқа тартылды. Оның қоймасында акциздік маркасы жоқ жарты миллионға жуық қорап темекі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің облыстық департаменті көлеңкелі экономика саласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген. Сол кезде заңсыз кәсіпкерлік қызмет жасаған қала тұрғыны анықталды.
"Қоймаларды тінту кезінде жалпы саны 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылды. Барлық тауар тәркіленді", - дейді мамандар.
Тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Павлодар облысында ауыл тұрғынының үйінен 1 200 бөтелке алкоголь тәркіленді