Павлодар облысында ауыл тұрғынының үйінен 1 200 бөтелке алкоголь тәркіленді

© Sputnik / Михаил Мордасов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
Заңсыз тірлікпен айналысқан әйелге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында Май ауданы тұрғынының үйінен ірі көлемдегі алкоголь өнімі тәркіленді. Ол лицензиясы болмағанына қарамастан, ішімдікті ауылдастарына сатып жіберген, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"13 тамызда сағат 11.30 шамасында Май ауданы Жаңа Ақшиман ауылында әйел адам лицензиясыз өз үйінде алкоголь өнімін сатқан. Тексеру кезінде "Парламент" маркалы 77 қорап темекі мен 1200-ден астам алкоголь өнімі тәркіленді: "Volk", "Статус", "Қызылжар", "Неводка", " Родная степь" – 334 бөтелке, 0,5 литрлік пластмасса ыдыстағы атауы жоқ арақ – 400 бөтелке, "Қазақстан" коньягі – 6 бөтелке, "Fresh Mug" сырасы – 500 бөтелке", - деп хабарлады полицейлер.
Заң талаптарын бұзғаны үшін 44 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің баптары бойынша әкімшілік материалдар әзірленді: 200 (Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін сату туралы заңнамасының талаптарын бұзу), 282 (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) және 463 (Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен, сол сияқты әрекеттерді (операцияларды) тіркеусіз, рұқсатсыз жүзеге асыру).
Бұл заңбұзушылықтары үшін ауыл тұрғыны 15 АЕК (45 945 теңге немесе шамамен 100 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлейді.
Жаңалықтар
0