АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Қорғаныс министрлігі Қазақстан Украинаға әскери техника жіберді деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео. Қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды, деп еске салды қорғаныс министрлігі.