Екібастұздағы разрезде жұмысшы қаза болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Екібастұздағы разрезде ️К-700 тракторының жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға 26 ақпанда болған. Трактор разрез аумағына түскен кезде аударылып кеткен. Марқұм Екібастұз қаласындағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері болған.
"Алған дене жарақатынан қызметкер оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Астана дәрігерлері жас жігіттің жұлынып кеткен қолын тігіп берді