Елорда тынысы

Астана әкімі үлескерлерге үндеу жасады

Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар
Қасымбек үлескерлермен үнемі кездесіп тұратынын атап өтті.
"Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – "Алтын бұлақ" және "Садовые кварталы" тұрғын үй кешендері. Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы. Мәселен "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын", - деді әкім.
Ол құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылғанын жеткізді.
"Сол сияқты "Тұмар" тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездестім. Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" бойынша мәселе қозғалды", - деп жазды елорда әкімі.
Қасымбек елордада жаңа форматта 25 мектеп салынатынын айтты