https://sputnik.kz/20230227/astana-akimi-uleskerlerge-undeu-zhasady-32515270.html
Астана әкімі үлескерлерге үндеу жасады
Астана әкімі үлескерлерге үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің... 27.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-27T21:53+0500
2023-02-27T21:53+0500
2023-02-27T21:53+0500
елорда тынысы
астана
әкім
жеңіс қасымбек
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1b/32513941_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_d876d30381b998cde85b22c2cf29fa97.jpg
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."Қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.Қасымбек үлескерлермен үнемі кездесіп тұратынын атап өтті."Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – "Алтын бұлақ" және "Садовые кварталы" тұрғын үй кешендері. Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы. Мәселен "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын", - деді әкім.Ол құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылғанын жеткізді."Сол сияқты "Тұмар" тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездестім. Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" бойынша мәселе қозғалды", - деп жазды елорда әкімі.
https://sputnik.kz/20230127/qasymbek-elordada-zhana-formatta25-mektepsalynatynyn-aytty-31517252.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1b/32513941_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_51d3fa453359a936b8033532e169b857.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әкім, жеңіс қасымбек
астана, әкім, жеңіс қасымбек
Астана әкімі үлескерлерге үндеу жасады
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендері туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Қалада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қасымбек үлескерлермен үнемі кездесіп тұратынын атап өтті.
"Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – "Алтын бұлақ" және "Садовые кварталы" тұрғын үй кешендері. Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы. Мәселен "Садовые кварталы" тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын", - деді әкім.
Ол құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылғанын жеткізді.
"Сол сияқты "Тұмар" тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездестім. Құрылысы ұзаққа созылған "Территория комфорта-1" бойынша мәселе қозғалды", - деп жазды елорда әкімі.