АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Дүйсенбіде сағат 05.58-де қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы 5,6 балдық жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік-шығысында Қырғызстан мен Қытай шекарасынан 278 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы –12.1. Магнитудасы –MPV 5.6. Тереңдігі – 10 шақырым", - деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.
Сейсмологтардың айтуынша, бірнеше сағат бұрын (Астана уақытымен 03.42-де) сол аймақта 5,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Дүмпу Алматыда 2 балдық күшпен сезілген.