https://sputnik.kz/20230226/turkiya-zher-silkinisi-nurdagy-meri-ustaldy-32478595.html
Түркияда жер сілкінісінен қираған Нұрдагы қаласының мэрі ұсталды
Түркияда жер сілкінісінен қираған Нұрдагы қаласының мэрі ұсталды
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Сенбі күні Түркияның қауіпсіздік күштері жер сілкінісінен кейін бірде-бір бүтін ғимарат қалмаған Газиантеп провинциясындағы Нұрдагы... 26.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-26T13:31+0600
2023-02-26T13:31+0600
2023-02-26T13:31+0600
әлем
түркия
жер сілкінісі
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31982262_0:260:3072:1988_1920x0_80_0_0_772605b319d0bda71a313e2c9ede7e79.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Сенбі күні Түркияның қауіпсіздік күштері жер сілкінісінен кейін бірде-бір бүтін ғимарат қалмаған Газиантеп провинциясындағы Нұрдагы қаласының мэрі Оккеш Кавакты ұстады, деп хабарлайды Sozcu газеті.Газеттің ақпаратынша, бейсенбі күні Мерсинде жер сілкінісіне шыдамаған ондаған үйдің құрылыс жұмыстарына жетекшілік еткен Юнус Кая ұсталды. Сонымен бірге ол қалалық кеңестің депутаты және құрылыс комиссиясының қызметкері. Жауап алу кезінде шенеуніктің Нұрдагы мэрінің ағасына тиесілі компаниямен бірнеше ортақ жобасы бар екені белгілі болды."Тергеу шаралары аясында Нұрдагы қаласының әкімі Оккеш Кавак ұсталды", - деп жазды басылым.Жалпы Газиантепте жер сілкінісінен кейін опырылып құлаған үйлердің жөнсіз құрылысына қатысты жүргізілген тергеуге байланысты 22 адам ұсталып, 80-ін қамауға алу туралы санкция берілді.Жұма күні Нұрдагыда құрылыс жұмыстары басталып, мамандар 855 пәтердің іргетасын қалауға кірісті.Бұған дейін билік жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдагы қаласы толығымен бұзылып, қайта салынады деп мәлімдеген болатын. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, қала тұрғындарының саны кемінде 40 мың адам болған.
https://sputnik.kz/20230219/turkiyada-tagy-da-zher-silkinisi-boldy-32253385.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31982262_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_ffc0ff53edc9f4883686fef111629807.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түркия, жер сілкінісі
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Сенбі күні Түркияның қауіпсіздік күштері жер сілкінісінен кейін бірде-бір бүтін ғимарат қалмаған Газиантеп провинциясындағы Нұрдагы қаласының мэрі Оккеш Кавакты ұстады, деп хабарлайды Sozcu газеті.
Газеттің ақпаратынша, бейсенбі күні Мерсинде жер сілкінісіне шыдамаған ондаған үйдің құрылыс жұмыстарына жетекшілік еткен Юнус Кая ұсталды. Сонымен бірге ол қалалық кеңестің депутаты және құрылыс комиссиясының қызметкері. Жауап алу кезінде шенеуніктің Нұрдагы мэрінің ағасына тиесілі компаниямен бірнеше ортақ жобасы бар екені белгілі болды.
"Тергеу шаралары аясында Нұрдагы қаласының әкімі Оккеш Кавак ұсталды", - деп жазды басылым.
Жалпы Газиантепте жер сілкінісінен кейін опырылып құлаған үйлердің жөнсіз құрылысына қатысты жүргізілген тергеуге байланысты 22 адам ұсталып, 80-ін қамауға алу туралы санкция берілді.
Жұма күні Нұрдагыда құрылыс жұмыстары басталып, мамандар 855 пәтердің іргетасын қалауға кірісті.
Бұған дейін билік жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдагы қаласы толығымен бұзылып, қайта салынады деп мәлімдеген болатын. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, қала тұрғындарының саны кемінде 40 мың адам болған.