АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің финалдық сайыстары өтті.
Нариман Құрбанов ат снарядында 14.800 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола медалін жеңіп алды.
Мықтылар көшін 14.866 ұпаймен өзбекстандық гимнаст бастады. Ал екінші орынға 14.833 көрсеткішпен Армения спортшысы жайғасты, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясы.
Айта кетері, финалдық сайыстар 25-26 ақпан күндері өтеді.