АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Талдықорғаннан шыға берісте екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті.
Оқиға 24 ақпан Алматы-Өскемен автожолының 273 шақырымында болды.
УАЗ Patriot көлігінің 69 жастағы жүргізушісі "жол бер" деген белгіні елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол талғамайтын көліктің салонында бес адам болған. Жол апаты салдарынан төртеуі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.